Павлодарда қызға кірпішпен шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Павлодарда 20 жастағы қызға кірпішпен шабуылдап, ұрып кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 21 тамызда түнгі 01:10 шамасында болған. Ер адам үйдің кіре берісінде қызға шабуылдап, кірпішпен 6-7 рет ұрған. Ауруханада зардап шеккен қызға "ми шайқалу" диагнозы қойылды.
Жедел-іздеу шараларының нәтижесінде күдіктінің кім екені анықталып, көп ұзамай қолға түсті.
"Полиция қызметкерлері күдікті ер адамды ұстады. Ол – Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны. Сотқа дейінгі тергеу кезінде ер адамның қыздан ұялы телефонын тартып алмақ болғаны анықталды. Қазір шабуыл жасау дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Рашад Өтеуов.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды