Павлодарда қатты дауыл ағаштарды қиратып, тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Павлодарда қатты дауыл соғып, үйлер мен ғимараттардың шатырын ұшырып әкетті. Сондай-ақ, күшті жел ағаштарды сындырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желі қолдаунышлары желдің әсерінен ұшып жатқан тұрғын үй мен ғимараттардың суреттерін және видеоларды парақшаларына жариялауда.
"Дом печати" мен Зеленстрой шағын ауданындағы Дөнентаев көшесіндегі жеке тұрғын үйдің шатырлары ұшып кеткен. ТЖД қызметкерлері мен техникалар дауылдан шатыры ұшқан мекемелерге жеткізілді. Қазір қираған шатырларды, ағаштарды кранмен көтеріп жатыр. Зардап шеккендер туралы мағлұмат түспеді", – деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетсек, Павлодар облысы ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын секундына 15-28 метрге дейін желдің ұйытқуы болатыны туралы ескерткен.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"