Павлодарда Ішкі істер министрлігінің курсанттары ауруханаға түсті
Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Оқу орталығының 10 курсанты ЖРВИ диагнозымен Павлодардағы ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растаған.
Оқу орталығынан алғашқы курсанты 29 қарашада ауруханаға түскен.
Қазіргі күні барлығының жағдайы тұрақты екені айтылады.
- Бір айдан кейін көз жұмды: Ақтөбеде 21 жастағы курсанттың өліміне қатысты тергеу жүргізілмеген
- "Ұлымды зорламақ болған": Жас сарбаздың анасы баласының әлімжеттік көргенін айтып дабыл қақты
Бұған дейін Ақтөбеде Ішкі істер министрлігі институтының курсанты 21 жастағы Қамбар Бейбол 21 қарашада өкпе тінінің 80 пайыздық зақымдалуы, екі жақты толық пневмония диагнозымен жансақтау бөліміне түсіп, қайтыс болған еді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өлімге негізгі ауру – туа біткен жүрек ақауы себеп болғанын айтады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
