Павлодарда ер адам қарызын қайтармаған әйелге көшеде нәжісін лақтырған
Павлодар тұрғыны көшеде әйелдің үстіне нәжісін шашқаны үшін жазаланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Istock.com
Павлодарда Аймауытов саябағында ер адам нәжісін пакетке салып, таныс әйелдің бетіне лақтырған.
Сөйтсе әйел оған қарыз екен. Ер адам ақшасын күте алмай, осылай өшін алған.
"Ер адамның жеке басы анықталды. Ол Павлодар қаласының тұрғыны болып шықты. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік материал толтырылып, ісі сотта қаралды. Сот шешімімен оған 14 АЕК (51 688 теңге) көлемінде айыппұл салынды", – деді Павлодар қалалық ІІБ Оңтүстік полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Рустам Серғазинов.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі