Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелді аяусыз соққыға жығып, зорлаған: Павлодарлық ер адам ауыр қылмысы үшін бар-жоғы екі жылға сотталды

Павлодарда әйелді аяусыз соққыға жығып, зорлады деп айыпталған ер адам бар-жоғы 2 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Бұл туралы НеМолчиKZ қорының басшысы Дина Таңсәрі мәлімдеді. 

"Әділетсіз шешімдер жинағына" қосылатын тағы бір ұятты үкім. Кеше адвокат Гүлмира Қажиева зорлаушыға 2 жыл ғана жаза берілгенін айтты. Осы ғана”, – делінген жазбада.

Павлодарда ер адам әйелді аяусыз соққыға жыққан. Әйелдің отбасы келгенде, ер адам есікті ашпай қойған. Туыстары әйелді ес-түссіз жатқан күйінде тапқан.


"Мұрнымнан аққан қанды баскиіммен сүрттім": “Меломен” әншісінің бұрынғы әйелі соққыға жығылған сәтінен видео жариялады 


“#НеМолчиKZ қоры Павлодар қаласының 1-қалалық емханасынан нақты диагноз қоюуын сұрап, денсаулық сақтау министрі мен емхана басшылығына ашық түрде шағымданды. Нәтижесінде әйелдің денесінен тұншықтыру іздері анықталған, бұл кісі өлтіруге оқталудың маңызды дәлелі. Көмей мен байламдардың зақымдалуы туралы қорытынды беруі үшін фониологтың тексеруін талап еттік”, – дейді Таңсәрі. 

Қор басшысы жәбірленушіге тек "денсаулығына орташа зиян" диагнозын қойылып, күдіктіге “зорлау және денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру” бойынша айыпталғанын айтады. 

Кеше оқиғадан 9 ай өткен соң №2 қалалық соты күдіктіні зорлау фактісі бойынша ақтап, бар болғаны 2 жылға бас бостандығынан айырған.

“Дәрігерлер әйелдің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірді деп шешім қабылдап, күдіктіні жауапкершіліктен алып қалу барын салды. Тергеу бұл істі кісі өлтіруге оқталу емес, денсаулыққа қасақана зиян келтіру деп саралады. Прокурор 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраса да, сот айыпталушыны тек бір бап бойынша 2 жылға соттады”, – делінген жазбада.

Еске салсақ, бұған дейін белгілі қоғам белсендісі Арман Шораев елорда көшелерінің бірінде азаматтық некедегі жұбайын ұрып-соқты деп айыпталғаны туралы жазған едік. 

Талқылау