Павлодарда 18 жастағы жігіт жағажайда заттарын қалдырып, өзі із-түссіз жоғалып кеткен
Павлодарда 18 жастағы жігіт жағажайда із-түссіз жоғалып кетті. Соңғы рет оны өзен жағасында көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

VITA тобының еріктілері жігіттің суға батып кетуі мүмкін екенін айтады.
“Еламан тағы бір жас адаммен орталық жағажайда, жағажай футболына арналған алаң маңында демалып жүріп, судан қайтып оралмаған. Жағажайда адам көп болғанына қарамастан, оның қайда кеткенін ешкім көрмеген", – деп түсіндірді еріктілер.
Еріктілердің айтуынша, Еламанмен бірге демалған танысы жігітті 1 сағаттан артық күткен. Кейін ол жоғалған жігіттің заттарын жағалауда қалдырып, кетіп қалған. Біраз уақыттан соң павлодарлық жігіттің сөмкесі мен аяқ киімін біреу алып кеткен.
Облыстық полиция департаментінде жігіттің жоғалғаны туралы ақпаратты әзірге растаған жоқ.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда