Павлодарда 12 жастағы жеткіншек 7-қабаттан құлап, көз жұмды
Павлодарда жетінші қабаттан он екі жастағы жеткіншек қыз құлап кетті. Дәрігерлер қызға көмектесе алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz басылымына сілтеп.

Орын алған қайғылы оқиға жайлы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева мәлімдеді.
Көп қабатты үйге келген "жедел жәрдем" дәрігерлері зардап шеккен қызды облыстық ауруханаға "жарақат, жабық бас сүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі ми жарақаты, аяқ-қол мен қабырғаның көп сынуы, жамбас сүйектерінің сынуы, іштің түтіккен жарақаты, 2-3 дәрежелі травматикалық шок" диагнозымен жеткізді.
"Оқиғаның мән-жайы белгісіз", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Сонымен қатар, Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"