Павлодар тұрғыны қыз зорлағаны үшін бес жылға сотталды
Павлодарда қыз зорлады деп айыпталған жас жігітке қатысты сот үкім шықты. Үкімді №2 қылмыстық соты мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.
Сот сотталушының жасын ескеріп, оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал оған тағылған айып 5 жылдан 8 жылға дейінгі жазаны қарастырады.
Сот отырысы жабық өтті, егжей-тегжейлі мәлімет жариялануға жатпайды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сот сотталушыны жәбірленушіге келтірілген моральдық шығынды өтеу ретінде 3 миллион теңге төлеуге міндеттеді.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту