Павлодар – Түркістан бағытындағы авиарейс ашылды
Павлодар – Түркістан бағытындағы жаңа авиарейс ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.

Павлодардан Түркістанға ұшу аптасына үш рет орындалады.
Жаңа бағыт 21 шілдеде іске қосылып, қызметті "Scat" авиакомпаниясы ұсынады. Екі өңірді қосатын Павлодар – Түркістан тікелей әуе қатынасы әр сәрсенбі, сенбі және жексенбі орындалмақ.
Ұшу 1 сағат 40 минутқа созылады. Бұл бағыттағы билеттің нақты бағасы бекітіліп, 25 мың теңгені құрайды. Билеттерді Павлодар әуе кассаларында немесе онлайн қызметтер арқылы сатып алуға болады.
"Аяғын орындыққа қойып отырады, жарқылмен қайта-қайта видео түсіреді": Қазақстандықтар қоғамдық орындардағы әдепсіздіктер туралы айтты
Дарья да кинотеатрға баруды әлдеқашан қойғанын айтып, көрермендердің мәдениетіне шағымданды
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Куәгерлер "сотталушы ішімдік ішті ме?" деген сұраққа жауап бере алмады
8 маусымдағы сот отырысына Александр Пак онлайн қатысты