Павлодар тұрғыны үш айлық баласын ұрып өлтірді
Павлодарда өз баласын өлтірген ана сотталып жатыр. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

39 жастағы әйел үш айлық баласын ұйқы бермегені үшін ұрған. Сол кезде әйел мас болған. Жарақаттардың салдарынан бала дүниеден озып кеткен.
Қылмыс қараша айында болды. Сотталушы Павлодарда, қала айналасында тұратын әкесінің үйіне қонаққа барған. Жатар алдында ішіп, баласын жанына, еденге алып жатқан. Ал үш айлық бала жылай бастағанда басынан бір ұрған. Бала жылауын қойған. Азанда оның соққыдан қайтыс болғаны анықталды. Әйел өз кінәсін мойындап, прокурормен келісімге келді. Ол алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"