Павлодар облысының экс-әкімі енді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын басқарады
Әбілқайыр Ысқақов әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

21 қыркүйекте әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ұжымына жаңа басшыны денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев ұсынды.
"Әбілқайыр Бақтыбайұлы 28 жылдан астам мемлекеттік қызметте болды, оның ішінде 18 жыл басшылық қызметті атқарған. Қаржы министрлігі жүйесіндегі еңбек өтілі – 19 жыл, оның ішінде салық комитеті төрағасының орынбасары және қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болды", – деді Тимур Сұлтанғазиев.
Бұған дейін Ысқақов Павлодар облысының әкімі болды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі