Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысының әкімі жер астына құлап кеткен автобусты қалай шығаратынын айтты

Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов адамдармен бірге жер астына құлап кеткен автобусты шығару үшін қандай жұмыстар атқарылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аймақ басшысы Instagram желісіндегі жазбасында "Майкайнзолото" АҚ тау-кен телімі ауданындағы опырылған жерді іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Ол төтенше жағдайлар қызметінің геосканерлеу жұмыстарын жүргізіп, автобустың болжамды орнын анықтағанын еске салды.

"Сканерлеу 15:30-да аяқталды. Нәтижелері өңделді, автобустың болжамды орны анықталды. Оның жоғарғы жиегіне дейінгі тереңдігі шамамен 5-7 метр. Сағат 20:00-де штаб отырысы өтіп, онда шешім қабылданды. Автобусқа түсуі керек шағын экскаватордың шұңқырына траншеяны түсіруге дайындап, құтқарушылардың одан әрі іс-әрекеті бойынша жұмыстарды күшейту керек", – деп жазды Байханов.

Асаин Байханов хабарсыз кеткен құтқарушыларды іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Іздеу жұмыстарына барлығы 136 адам, 41 техника, 3 кинологиялық бригада және 2 ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) жұмылдырылған", – деп жазды ол.

Еске салсақ, Павлодар облысында шахта маңындағы шұңқырға құлап кеткен автобустың шамамен қай жерде екені анықталғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау