Павлодар облысындағы қоқыстан табылған елтаңбалар: Прокуратура оқиғаға қатысты түсініктеме берді
Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы қоқыс полигонынан табылған елтаңбаларға қатысты аймақтың бас прокурорының міндетін атқарушы Жарқын Құсайынов түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін желіде қоқыс полигонында жатқан Ақтоғай ауданы прокуратурасының маңдайшасы мен екі мемлекеттік елтаңба бейнеленген видео тараған еді.
Жарқын Құсайыновтың сөзінше, аталған факті бойынша облыстық прокуратура қызметтік тексеру жүргізген. Оның нәтижесі бойынша, мемлекеттік елтаңбалар Ақтоғай ауданының прокуратурасына тиесілі емес екені анықталыпты.
"Ақтоғай ауданы прокуратурасының қызметкерлері мен жұмысшыларының мемлекеттік елтаңбалар табылған қоқысты шығаруға қатысы жоқ", - деді Құсайынов.
Кінәлілерді Ақтоғай ауданының полиция бөлімі анықтайды. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 372-бабы "мемлекеттік рәміздерді қорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді