Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан 1 адам қаза тапты
Павлодар облысы Ақтоғай ауданында жол-көлік оқиғасы салдарынан 1 адам қаза тапты, 7 адам жарақат алды. Бұл туралы аймақтың полиция департаментінің баспасөз қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"35 жастағы ер адам тізгіндеген Audi-100 автокөлігі Toyota Camry көлігімен соқтығысқан", – деді Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Жол апаты салдарынан Audi-100 көлігінің 26 жастағы жолаушысы алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Көліктің жүргізушісі мен 8 жастағы екінші жолаушы ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар Toyota Camrу автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы да ауруханаға жеткізілген. Көліктер арнаулы айып тұрағына қойылған. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі