Павлодар облысында жаңадан салынған үйдің төбесі кішкентай баланың үстіне құлады
Instagram парақшалардың бірінде Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны баласының үстіне пәтердің төбесі құлағанын мәлімдеді. Сөзінше, Құрылысшылар көшесіндегі үй жақында ғана қолданысқа берілген үйде болған және баласы жарақат алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

"Отбасым ас үйде тамақ ішіп отырған, ал балам басқа бөлмеде ойнап отыр еді. Бір кезде төбенің опырылған дауысы мен баламның жылағанын естідік", - дейді видеода баланың анасы.
Тұрғын үй мүмкіндігі шектеулі баласы бар және көпбалалы отбасыларға бөлінген екен.
Әлеуметтік желідегі шағымнан кейін Ақсу әкімдігі пікір білдірген.
"Ресми парақшаға шағым жолданған соң бұл туралы құзырлы органдар мен мердігерге ескертілді. Жақында қажетті шаралар қолданылады", - деді ведомстводағылар.
Болған оқиға үшін әйел мен оның отбасынан кешірім сұраған.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"