Павлодар облысында төрт оқушы тамақтан уланып, ауруханаға түсті
Павлодар облысы Шабақты ауылында тамақтан уланған төрт оқушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шабақты ауылында №2 жалпы білім беретін мектептің оқушылары 9 қыркүйек 09:00-ден бастап аудандық ауруханаға түсе бастады. Соңғысы медициналық көмекке кеше жүгінген. Балалар құсу, іш ауру, диарея мен дене температурасының көтерілуіне шағымданды. Алдын ала диагноз "астан улану", – делінген Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының хабарламасында.
Уланған оқушылар 0-9 сынып аралығында оқиды. Бес бала үйден ем қабылдап жатыр. Төрт оқушы Павлодар облыстық инфекциялық балалар ауруханасына жатқызылған. Олардан ShigellaSonne анықталды.
Санитар дәрігерлердің мәліметінше, оқушылардың барлығы мектеп асханасында тамақтанған. Қазір жоспардан тыс тексеріс басталды.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды