Павлодар облысында су арнасынан екі баланың мәйіті табылды
Кеше кәмелетке толмаған екі бала Сәтпаев атындағы су арнасына батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 112 пультіне кеше сағат 18.00-де Екібастұз қаласының әкімшілік бағынысындағы Байет ауылының 6 және 7-сыныптың екі оқушысы Сәтпаев арнасына бет алып, қайтып оралмағаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті.
Олардың қасында ата-аналары мен басқа да ересек адам болмаған. Балалардың киімдері жағадан табылды.
Екібастұз қаласының құтқарушылары түнде бір баланың, таңертең екінші баланың денесін тапты.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жабдықталмаған су айдындарында шомылуға тыйым салынғанын ескертті.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі