Павлодар облысында полицей өзіне оқ атқан
Прокуратура ғимаратында Павлодар облысы Железин ауданының аға тергеушісі өзіне оқ атқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz басылымына сілтеме жасап.

Ведомство полицейдің өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды және оның денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді деп сендірді.
"23 мамырда сағат 18:10-да Железинка ауылында прокуратура ғимаратында аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі оң иығына оқ атты. Қызметкер ауруханаға жатқызылды, операция жасалды. Бүгінгі күні жағдайы тұрақты, өмірлік маңызды органдар мен сүйектер зақымдалмаған, оның денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді", – деп атап өтті ведомствода.
Аталған факті бойынша полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қазақстан Республикасы ҚК 105-бабы - "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Мән-жайлар мен себептер анықталып жатыр.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты