Павлодар облысында өз басына оқ атқан полиция қызметкері ауруханада көз жұмды
Павлодар облысы Ертіс ауданындағы кіші сержант есін жимай көз жұмды. Дәрігерлер Романды аман алып қала алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kerek_pv
2002 жылы туған жас жігіт үйге түскі асқа келіп, қызметтік қарумен өз басына оқ атқан. Бұған дейін ол өз-өзіне қол жұмсау туралы жазба қалдырған. Полиция тергеуді бастады.
"Аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында Ертіс аудандық ішкі істер бөлімінің жас қызметкері қызметтік қарудан өз басына оқ атқаны туралы хабарлаған едік.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды