Павлодар облысында малдар жаппай уланып жатыр
Павлодар облысы Успен ауданы Вознесенка ауылында ірі қара мал жаппай уланды, бұл пестицидтерден болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Павлодар облысының ветеринария басқармасы мәлімдеді.
"Бүгінгі күні 72 ауру мал анықталды. Клиникалық белгілері барлық ауру жануарларда бірдей: енжарлық, тәбеттің болмауы, провентрикулустың атониясы, сілекей ағуы, ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуы, дене температурасының төмендеуі. Диагноз: улану", – деп мәлімдеді басқармадағылар.
Жануарлардың анализдері мен материалдары токсикологиялық тексеруге, сондай -ақ инфекцияны болдырмау үшін облыстық ветеринарлық зертханаға жіберілді.
Мамандар мал жайылатын жерлерден пестицидтерден жасалған пластик ыдыстарды тапқанын атап өтті. Әзірге ауылда мал бағу тоқтатылды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған