Павлодар облысында газ баллоны жарылып, бір әйел зардап шекті
Павлодар облысында газ баллоны жарылып, бір әйел күйіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет
Оқиға 5 желтоқсанда Ақтоғай ауылындағы Марденов көшесінде болған.
"Газ баллоны жарылып, тұрғын үйге жапсарлас салынған қалқа мен ас бөлмені қиратқан. 25 шаршы метр құрылыс қираған", – дейді Ақтоғай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Әділхан Мағзамов.
- Ақтөбе облысында жеке үйлердің бірінде газ жарылып, төрт адамды күйік шалды
- "Балалардың жылап жатқаны естілді": Ақмола облысында ер адам екі қызды өрт тұтанған үйден алып шықты
1955 жылы туған әйел денесінің шамамен 35 пайызы күйіп қалған. Жарылысқа "газ баллонының нұсқаулық бойынша сақталмауы" себеп болған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар