Павлодар облысында дәрігерден телефонмен кеңес алған ер адам әйелін өзі босандырып алған
Павлодар облысындағы Майқайың ауылының тұрғыны жедел жәрдем диспетчерімен телефон арқылы кеңесіп, әйелін босандырып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

103 қызметіне шұғыл қоңырау таңғы төрттер шамасында түскен. Ер адам 24 жастағы әйелінің толғағы жиілей бастағанын хабарлады. Диспетчер дәрігерлер тобын сол жерге жіберіп, өзі болашақ әкеге телефон арқылы нұсқау берген.
Оқиға орнына жедел жәрдем жеткенде нәресте әлдеқашан дүниеге келіп қойды.
"Баланың салмағы – үш келі, бойы – 52 сантиметр. Бала мен оның анасы бірқалыпты жағдайда Майқайың ауылдық аудандық ауруханасына жеткізілді", – деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінен.
Бұл жыл басынан бері ауруханада босанбаған 13-жағдай. Бес рет дәрігерлер сәбиді жедел жәрдем көлігінде босандырса, тағы сегіз әйел үйде босанған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар