Павлодар облысында биткоин өндіретін ферма өртенді
Павлодар облысында биткоин өндіретін майнинг ферма отқа оранды. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Полиция мәселенің мән жайын анықтауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.

Павлодар облысының Солнечный ауылының тұрғындары өрт басталғанын түске қарай байқаған. Сол маңдағы майнинг фермадан шыққан түтін айналаны түгел басып қалған, бірден өрт сөндірушілерге хабар беріпті.
Оқиға орнына 14 құтқарушы келіп, тілсіз жау екі жарым сағатта ауыздықталды. Криптовалюта өндірушілеріне қанша шығын келгені әзірге белгісіз.
Бір биткоинның құны 60 мың доллардан жоғары сатылуда.
Павлодар облысы ТЖД бастығы Ернұр Өтегенов гидроэлектр стансасы маңындағы майнингпен айналысатын компания кеңсесінің 150 шаршы метрі жанып кеткенін хабарлады.
"Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Қазір келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр", - деді ол.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған