Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында бір қора қойды ит қырып кетті

Павлодар облысында бір қора қойды ит қырып кетті. Төрт аяқты мақұлықтар 13 қойды жұлмалап тастаған. Шығынға батқан шопанға иттердің иесі өтемақы төлеуге тиіс, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Мал иесінің айтуынша, үш ит қораға түнде түскен. Есік жабық болған, иттер қоршаудан секіріп кіріпті. 3 қой мен 10 қозыны жұлмалап тастаған. Тек қансырап жатқан бір ұсақ малдан басқасын өлтіріп кеткен.

Қой иесі шығын көлемін 700 мың теңгеге бағалап отыр. Полиция әзірге бір иттің иесін ғана тапты. 46 жастағы азамат итінің байлауын үзіп кеткенін айтып ақталған. Енді оған асырауындағы итті серуендету тәртібін бұзғаны үшіп айыппұл салынады.

“Әкімшілік кодекстегі бұл бапта айыппұл 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,яғни 30 мың теңгеден асады. Зардап шегуші хаттаманы қолына алған соң сотқа арыздана алады. Солай шығынын өндіріп алуына болады”, –дейді Павлодар облысы ПД басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафин.

Талқылау