Павлодар облысында балықтар жаппай қырылып жатыр
Павлодар маңындағы Тяпка көлінің жағасы өлі балықтарға толды. Жақында әлеуметтік желілер жаға ұстатар видеолар тарап кетті. Су қоймасының улануы туралы қауесет пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай орнына арнайы комиссия барды. Оның құрамында экологтар, ғалымдар мен балық инспекторлары кірді. Олардың есептеуінше, 60 келіден астам балық қырылған.
Сарапшылар сынамаларды алып, улану нұсқасын алып тастады. Алдын ала нұсқа бойынша, балықтар су қоймасының толық қатуына байланысты тұншығып қалған. Оның тереңдігі - бір жарым метр.
"Қырылуының нақты себептері тиісті қорытынды бергеннен кейін 7-10 күн ішінде белгілі болады. Алдын ала нұсқа бойынша, балықтардың қырылуы осы резервуардағы оттегінен тұншығу нәтижесінде болған", - деді Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысының орынбасары Нұржан Қазтай.
Бұған дейін Ақтөбе облысындағы тоған жағасынан 4 тонна өлі балық жиналғаны туралы жазған едік.
Талқылау
"Бағасы Еуропадан 10 есе төмен": Қазақстанға БАӘ, Ұлыбритания, Германиядан шетелдіктер медициналық көмек алуға келеді
Көптеген шетелдіктер кардиохирургия, онкология, стоматология мен чек-аптан өту үшін Қазақстанға келеді
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен
