Павлодар облысында балаларға жарамды мерзімі өтіп кеткен дәрілер егілген
Павлодар облысы прокуратурасы медицина ұйымдарында екпе науқаны заңды өткен-өтпегенін тексеріп, нәтижесін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: naked-science.ru
2024 жылғы 5 ақпандағы есепте 21 миллионнан астам сомаға 9,5 мыңнан астам вакцинаны ұтымсыз пайдалану фактілері анықталды.
"Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған сақтау қоймасынан дәрі-дәрмектер өтіп кеткен жарамды мерзімімен медициналық мекемелерге жіберілген. Павлодар емханаларының біріне "Пентаксимнің" 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні берілді", – делінген хабарламада.
Тағы бір жағдайда екі балаға жарамды мерзімі өтіп кеткен дәрілер егілген. Мерзімі өткен препараттармен 2 бала вакцинацияланған. Қарсы тексеруде кәмелетке толмағандарды қызылшаға қарсы жалған вакциналау деректері анықталған.
"Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша жарамсыз препараттар жойылды. Кінәлі адамдар жауапқа тартылды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін cенат депутаты екпе егу мәселелеріндегі кемшіліктерді атаған еді.