Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында ауру малдың сүтінен үш жасар бала бруцеллез жұқтырған

Прокурорлар Павлодар облысындағы ветеринария саласын тексеру барысында өрескел заңбұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay

Бір ветеринарлық орталықта 450 малға сібір жарасына және құтырмаға қарсы вакцина салынбаған. Бұған қарамастан дәрігерлер малды сатуға сертификат берген. Ал мал белгіленбеген жерлерде сойылыпты.

Сондай-ақ ветеринарлар вакцинаны заң талаптары мен температуралық жағдайларды сақтамай, өрт сөндіру сияқты басқа да қосалқы бөлмелерде сақтаған.

Сонымен қатар ветеринарлар аса қауіпті аурулардың бар-жоғын тексеру үшін патологиялық материалдарды жібермеген және инфекцияға күдікті жануарларды оқшаулау туралы ұйғарым бермеген.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, олар қауіпті ауру жұқтырған мыңнан астам мал анықталғанын жасырып, ауру малды тіркемеген.

"Жоғарыда аталған бұзушылықтар бірігіп, адамдар арасында инфекцияның жаппай таралуына әкелуі мүмкін. Мұны Баянауыл ауданында ауру малдың сүтінен үш жасар баланың бруцеллез жұқтыру оқиғасы растайды", –  деп хабарлады қадағалау органы.

Барлық фактілер бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданды.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында жылқылар белгісіз аурудан қырылып жатқаны айтылды. 

Талқылау