Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында "ақылды қала" технологияларына 9 миллиард теңге бөлінген: Бірақ әкім өңірде бейнебақылау жүйесі жоқ екенін айтты

әкім

Фото: Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ақылды қала технологияларына 9 миллиард теңге бөлу жоспарына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналист Павлодарда ақылды қала технологияларына 9 миллиард теңге бөлу жоспарланып отырғанын, бастама қалалық кеңістікті толық цифрлық бақылауға алу талпынысына ұқсайтынын айтты. Ол әкімнен қалада бұрыннан орнатылған бейнекамералар мен бақылау жүйелері қайда кетеді деп сұрады. Егер ескі жүйелер істеп тұрса, айыппұл салып, дерек жинап отырса, оларды қайта ауыстырудың қандай қисыны бар, бұл тағы да бюджет ақшасын босқа шашу емес пе деп тағы сұрады. 



"Бұл мәселе Парламентте де көтерілді. Біз 9 миллиард теңгеге программалық қамтамасыз етуді сатып алып жатқандай айтты. Бұл олай емес, біз сервистік модель жасадық. Біз үш жыл ішінде байқауды жеңіп алатын компаниядан толық бейнебақылау мен ілеспе суретті алып отырамыз. Құрал-жабдықты сатып алмаймыз, үш жылдан кейін бұл құрал-жабдық бізге өтеусіз беріледі. Бұл модель Павлодар облысын толық бейнебақылаумен қамтамасыз ету үшін әзірленді. Павлодар облысы – көшелері мен жолдарында бейнебақылау жоқ өңірлердің бірі. Сондықтан бұл бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Қазір ол сынақ режимінде жасанды интеллект көмегімен суретті беріп жатыр. Қандай көліктер жол ережесін бұзатынын, кім іздеуге жүргенін анықтауға пайдаланылып жатыр. Тоғыз миллиард теңге үш жылға есептелген, жүйе 4-5 жылда өзін өтеп шығады", – деді облыс әкімі.

Рая Мінәп
Жұма, 19 Желтоқсан, 2025 15:09