Павлодар облысында 16 жастағы бала мінген ат бәйге кезінде бағанаға соғылды
Қызылжар ауылында "Құнан бәйге" ұлттық ойыны кезінде 16 жастағы шабандоз жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Рexels.com
Irbis TV арнасының мәліметінше, жарыс кезінде жылқы үркіп, жарық бағанасына соғылған. Шабандоз бала құлап, жарақат алды.
Жасөспірім шұғыл облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер зардап шеккен балаға бас-ми жарақаты деген диагноз қойған. Науқасқа ота жасалып, қажет медициналық көмек көрсетілді. Қазір баланың жағдайы тұрақты. Ол дәрігерлердің бақылауында.
- Жезқазғанда Наурызға арналған сахнаны безендіріп жатқан ер адам биіктен құлап, жансақтау бөліміне түсті
- Астанада лифтте пышақ жарақатын алған бала оңалту орталығына жатқызылады
Болған жағдайдан кейін облыстық полиция департаменті оқыс оқиғаға әкеп соққан себептерді жоюды талап етіп, әкімдікке сауал жолдады.
Бұған дейін Жамбыл облысында Наурыз тойлау кезінде жылқы адамдарды таптап кете жаздаған еді.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген