Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында 26 жылқы көлдегі мұзға қатып қалған

Павлодар облысындағы көлдердің бірінен мұзға қатып қалған 26 жылқының мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жоғалған табынды іздеу кезінде полиция малдарды көлден тапқан. Жылқылар Аққулы ауданындағы фермерлердің біріне тиесілі болды.

Полицияның мәліметінше, ер адам жануарлардың жоғалғанын осы жылдың 4 желтоқсанында хабарлады.

"Мал иесінің сөзіне қарағанда, 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні Қазы ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан жайылымнан белгісіз біреулер 26 жылқы ұрлап кеткен. Бірнеше күн бойы ол жоғалған жылқыларды өз бетімен табуға тырысқан. Алайда ешқандай нәтиже болмағаннан кейін полицияға жүгінген", - деді Аққулы аудандық полиция бөлімінің басшысы.

Оның айтуынша, жоғалған жылқыларды ауданның ғана емес, шекаралас облыстардың полицейлері де іздеген. Бірнеше мобильді топтарға бөлінген қызметкерлер барлық маңайдағы территориялар мен жайылымдарды тексеріп, барлық шаруа қожалықтарынан, алыс учаскелерден іздеген.

"20-ға жуық полиция қызметкері далада жоғалған жылқыларды іздеді. 6 желтоқсанда Қазы ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан Борлы көлінде жүргізілген іздеу нәтижесінде 26 жылқының мәйіті табылды. Жануарлар мұзға қатып қалған", - деді Бодиев.

Талқылау