Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пәтерін иемденгісі келген": Алматы облысының тұрғындары ер адамды өлтіріп, мәйітін өртеп жібермек болған

Алматы облысының үш тұрғыны 48 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікке ілінді. Олар марқұмның мүлкін алып алмақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

от

Марқұмның мәйіті 25 наурызда Еңбекшіқазақ ауданындағы Қаракемір ауылының маңынан табылған. Ер адамды пышақтап, кейін өртеп жібермеген болған. Полицейлер қаза тапқан ер адамның із-түссіз жоғалып кеткендер қатарына екенін анықтаған. 

Көп ұзамай полицейлер 23 пен 33 жас аралығындағы екі ер адам мен бір әйелді ұстады. Олар ер адамның жоғалып кетуіне қатысы болуы мүмкін. 

"Күдіктілер қылмыстарын мойындады. Олардың сөзінше, 48 жастағы ер адам жалғыз тұрған және ішімдік ішкен. Мұны пайдаланғысы келген күдіктілер оның пәтерін алып алмақ болған", –  деді Еңбекшіқазақ ауданының полиция басшысы Жақсылық Алтынбаев. 

Ер адамды Алматы аумағында өлтірген, ал мәйітін облыс аумағына шығарып өртеп жібермеку болған. Қазір қылмыстық істі әрі қарай тергеу үшін Алматыға беруді жоспарлап отыр. 

Талқылау