Сахнадан көрінбей кеткен актриса Сара Амангелді өнерге қайта оралды
Әнші әрі актриса Сара Амангелді шығармашылықтағы үзілістен кейін сахнаға қайта оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі бұл үзілістің өзіне жаңа бағыт, жаңа әндер мен жаңа белестер үшін қажет болғанын айтты.
“Жаңа әндер жазып, жаңа белеске шығу үшін осындай үзіліс керек болды”, – деді Сара Амангелді.
Сондай-ақ ол өзінің туған жері мен руы туралы да айтып өтті.
“Мен Шымкент, Мақтарал өңірінің тумасымын. Қоңыраттың Құлшығаш руынанмын”, – деді әнші.
Сара Амангелді алдағы уақытта тек музыкамен шектелмей, актерлік бағытта да белсенді жұмыс істеуді жоспарлап отыр.
“Бұйыртса, жақсы бір фильмдер мен сериалдарға түсу жоспарда бар”, – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін көптен көрінбей кеткен актриса Сара Амангелді желіге қайта оралғаны хабарланған еді.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”