Парламенттің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы сайланды
Парламенттің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин мәлім етті. Ол Мусиннің кандидатурасын ұсынып, шешімді дауысқа салды. Нәтижесінде 97% депутат Мусинге дауыс берді.
"Парламенттің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасын палата төрағасы ұсынады. Аталған заңға сәйкес, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы лауазымына депутат Қанат Сергейұлы Мусиннің кандидаттығын ұсынамын. Барлығыңыз жақсы білесіз, Қанат Сергейұлы заң саласында көп жылдар бойы жұмыс атқарды. Аталған комитетті басқаруға осы депутатты лайықты деп есептеймін. Қанат Сергейұлы сізді барлық депутаттырдың атынан жаңа қызметіңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Жұмысыңызға табыс тілейміз", - деді Нығматулин.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде