Париж олимпиадасында Нұрбек Оралбайды жеңген боксшының командасы Азия чемпионатына қатысады
Бокстан Париж олимпиадасының финалында Нұрбек Оралбайды алтыннан қаққан украиналық Александр Хижняктың командасы Азия чемпионатына қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Таиландта өтетін бокстан Азия чемпионатына Украина құрамасы да қатысады. Сарықұрлықтың басты додасында Украина атынан барлығы 25 боксшы сынға түсіп, жүлдеге таласады. Ерлер арасында Андрей Ефимович (48 кг), Айдер Абдураимов (60 кг), Даниил Дрыжак (63,5 кг), Эльвин Алиев (67 кг), Бозорбой Матякубов (71 кг), Иван Сапун (80 кг), Даниил Жасан (86 кг), Богдан Толмачев (92 кг) және Дмитрий Ловчинский (92+ кг) бақ сынайды. Дегенмен бұл Азия біріншілігіне Париж олимпиадасының финалында Нұрбек Оралбайды жеңген Александр Хижняк қатыспайды.
Айта кетейік, бұған дейін Таиландтағы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы мен әйелдер құрамасының жасақталғанын жазған едік.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды

