"Несиесін жауып, үйін әперіп қояды": Белгілі спорт журналисі Париж олимпиадасына қатысқан спортшылардың жағдайы алдын-ала жасалғанын айтты
Париждегі байрақты бәсекеде олимпиада туралы ақпарат таратқан спорт журналисі Аслан Қаженов спортшылардың олимпиада алдында барлық жағдайы жасалып, спортшылардың әбден тойынғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Бірінші бол ютуб арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Аслан Қаженов Париж олимпиадасына спортшылардың сәтсіздігін аш бармағанына байланысты екенін айтты.
“Шыны керек, спортшыларда тоқтық бар. Өйткені Париж олимпиадасының алдында спортшылардың барлық жағдайы жасалды. Спортшы алаңдамасын деген мақсатпен федерация өкілдері олардың басындағы несиелерін жауып, көлік, пәтерлерін әперіп қойған еді. Өкінішке қарай, бұл оң нәтиже бермеді. Ал басқа елдің спортшылары “аш” келіп, көрдіңіздер қандай нәтиже көрсеткенін”, – деді Қаженов.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Париждегі олимпиада ойындарында жеті медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 43-орынға жайғасқан еді.
Ресейлік IT-мамандарға қазақ тілінен емтихан тапсырмай-ақ ықтиярхат беріледі – Astana Hub себебін түсіндірді
Astana Hub: "Бағдарлама шарттарында қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын емтихан тапсыру көзделмеген"
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды

