Париж олимпиадасы билеттер сатылымы бойынша рекорд орнатты
Санаулы күннен соң басталатын Париж олимпиадасы билеттер сатылымы бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Париж олимпидасына 8,8 миллион билет сатылып, рекорд орнатылды. Мұндай сатылымдар осы уақытқа дейін олимпиаданың рекорды болып саналады. Рекордтық көрсеткіш туралы жаңалықты журналистерге Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит Макконнелл хабарлаған. Бұған дейін ең көп билеттер 1996 жылы Атлантадағы ойындарға сатылса керек. Ол кезде спорт жанкүйерлері 8,3 миллион билет сатып алған.
Париждегі олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әртүрлі қызметтердің 30 мыңға жуық қызметкері жұмылып, Олимпиада қалашығында 166 делегация тіркелген.
Айта кетейік, Париж олимпиадасына Қазақстан атынан 80 спортшы қатысады. Париждегі жазғы олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

