Париж-2024: Қазақстандық жеңіл атлет ереже бұзып, жарыстан шеттетілді
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Давид Ефремов ереже бұзғаны үшін жарыстан шеттетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жеңіл атлетикадан Париж олимпиадасында ел намысын қорғаған Давид Ефремов жарысты ерте жолдан аяқтады. 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жұбаныш айналымында сынға түскен отандасымыз жартылай финалға шыға алмады. Өкінішке қарай, қазақстандық атлет фальстарт жасағаны үшін жарыстан шеттетіліп, олимпиада ойындарын ерте аяқтады. Осылайша, Давид Ефремов үшін Париждегі олимпиада сәтсіз аяқталды.
Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен жарыс жолына шыққан Демеу Жадыраевтың алғашқы айналымдағы қарсыласын айқын басымдықпен ұтқанын жазған едік.
Фельдшерлердің мәселесін көтерген қазақстандық жындыханадан бір-ақ шыққанын айтты
Өмірбек Мұхаммадтың жедел жәрдем қызметінде бес жылдық еңбек өтілі бар
Төрт тілде еркін сөйлейтін қазақстандық жігіт ауылда мал бағып жүр
Әділет: "Әкем мал шаруашылығында, анам тазалықшы, тіл курсына артық қаржы болмады"

