Париж-2024: Бүгін жарыс алаңына мергендеріміз шығады
Бүгін Париж олимпиадасының алғашқы жарыс күнінде қазақстандық спортшылар медальға таласады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Париждегі жазғы олимпиада ойындарында Қазақстаннан алғаш болып садақ атушылар сынға түседі. Аталған спорт түрінен Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко ел намысын қорғайды. Бүгін спортшылар рейтингілік раундтағы жекелей сында өнер көрсетеді. Жарыс нәтижесі бойынша олимпиадалық сетка анықталады. Ал плей-офф кезеңі 30 шілде күні 1/32 финалдан басталады. Мергендер жарысты Астана уақытымен 17.15-те бастайды.
Айта кетейік, бұған дейін олимпиада ойындарына алғаш рет қатысатын бадминтоншымыздың қарсыластары белгілі болғанын жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

