Пара алып сотталған Ерлан Біләл актер болып жұмыс істей береді
Белгілі әртіс Ерлан Біләл театрдың актерлер құрамында жұмысын жалғастыра бермек. Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жаңа басшысы Асхат Маемиров айтты.
Бұған дейін ҚазАқпарат М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрына жаңа директор тағайындалғандығы туралы хабарлаған болатын. Асхат Маемиров жаңа қызметке тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін, ұлы тұлғалардың басына барып зиярат еткенін де жасырмады. Ал өнерде әріптес, өмірде досы театрдың бұрынғы басшысы Ерлан Біләлдің қара шаңырақтың сахнасындағы жұмысын жалғастра беретіндігін баса айтты, деп хабарлайды Алматы арнасы.
Өйткені, Ерлан Біләлден басқа актер сомдай алмайтын оның өзіндік рөлдері бар. «Ерлан осы театрдағы негізгі репертуарларды басты кейіпкерлерді сомдайды. Ол Мұхтар Әуезовтың «Абай жолындағы» Абай, оны Ерланнан басқа ешкім ойнай алмайды.
Ол Дулат Исабековтың «Жау жүрегіндегі» Балуан Шолақ, Исраил Сапарбаевтың «Сыған серенадасындағы» Шәмші бейнесі, Әкім Таразидың «Ақын періште махаббаттағы» Мұқағали бейнесі. Ерланның бірінші Алла Тағала берген таланты, артистизм, кәсіби шеберлігі, нағыз өнердегі тұлға. Сондықтан тұлға театрдан бөлініп ешқайда кетпейді», – деді Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры.
Тағы да оқыңыз:
Қанағаттандыра да алмайсыңдар: Атышулы Замира ер азаматтарға тағы да өкпесін айтты (видео)
Димаш жалған әншілердің масқарасын шығарды: Түріктер Димаш жайлы не дейді
Алматыда жоғалып кеткен жігіт есін жоғалтқан күйі басқа қалаға кетіп қалған