Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пара алды деген күдікпен ұсталған Бақытгүл Хаменова үйқамаққа жіберілді

Тергеу соты Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мамандандырылған Атырау қалалық Тергеу сотында өткен сот отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Хаменованы екі айға тергеу изоляторына қамауды сұрады. Алайда сот оны қамауға алуға негіз жоқ екенін айтып, оны үйқамаққа жіберді.

Сондай-ақ сот барысында тергеуші Бақытгүл Хаменованың басқа да күдіктілерге қысым көрсетуі мүмкін екенін айтты. Алайда сот тергеушінің уәжімен келіспеді.

“Антикор қызметкерлері мен прокатура шенеунікті екі айға қамауға алуды сұраған. Бірақ тергеу судьясы мұнымен келіспеді. Сөйтіп, Хаменованы үйқамаққа жіберді. Яғни сот шенеуніктің қылмыс жасағанына күмән келтіреді”, – деді оның адвокаты Игорь Вранчев.

Еске салсақ, Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары болып 2020 жылдың наурыз айында тағайындалған болатын. Бұған дейін ол Мәжіліс депутаты болған. 

Әкім орынбасары бұған дейін Жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Талқылау