Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәкістанда мешіттегі терактіге қатысы бар күдіктілер ұсталды

Пәкістан билігі Пешавардың солтүстік-батыс қаласындағы мешітте болған террорлық әрекетке байланысты бірнеше адам қамауға алынды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

пәкістан

Пешавар полициясының бастығы Иджаз Хан бірнеше күдіктілер қамауға алынғанын айтты. Полицияның мәлімдеуінше, кешенге ену үшін оларға іштен біреу көмек берген.

"Біз бірнеше дәлелдер таптық және олардың негізінде күдіктілер қамауға алынды. Іштен біреу көмектескен болуы керек, бірақ тергеу әлі жалғасып жатқандықтан, қосымша мәліметтермен бөлісе алмаймыз", – деді Хан.

Содан кейін 23 адам ұсталғаны хабарланды. Пәкістаннан тыс топтармен ықтимал байланыстарды зерттелуде.

Әзірге бірде-бір топ шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Пәкістандық "Талибан"  шабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қаңтарда Пәкістандағы мешіт маңындағы жарылыс болған. Қауіпсіздік шенеуніктерінің айтуынша, жанкешті намаз кезінде өзін-өзі жарып жіберген кезде алдыңғы қатарда болған.

Талқылау