Пәкістанда Құдайға тіл тигізген 8 жасар бала өлім жазасына кесілмек
Пәкістан соты Құдайға тіл тигізді деп айыпталған сегіз жасар баланы кепілдікке босатқаннан кейін мұсылмандар тобы үнді ғибадатханасына шабуыл жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Оқиға Пенджаб провинциясының Рахим Яр Хан ауданындағы Бхонг қаласында болды. Бала өткен айда қасиетті кітаптар сақталатын діни мектепте кілемге әдейі зәр шығарды деген айыппен тұтқындалған. Мұсылман қауымдастығы бұл баланы күпірлік жасады деп айыптайды. Мұндай қылмыс үшін Пәкістанда өлім жазасына кесіледі. Жиналған жұрт соттан үкімнің орындалуын және баланы өлім жазасына кесуді талап етті.
Бала мен оның отбасы қазір мемлекет қамқорлығында.
"Баламыз өзінің қандай қылмыс жасағанын және неге бір апта түрмеде отырғанын әлі түсінбейді", – дейді отбасы мүшелері.
Провинцияда тәртіпсіздіктер жалғасуда. Билік тәртіпсіздікті басу үшін әскерилерді осы аймаққа көшірді. Көптеген үндістер үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған