Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзінің түрмеге қамалуына ағайынды Нығматулиндерді айыптаған кәсіпкер толығымен ақталып шықты

Қарағанды облысында кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков Жоғары соттың шешімімен ақталып шықты. Кәсіпкер өзіне қарсы қылмыстық істің мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің қудалауынан кейін қозғалғанын айтқан деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

нығматулин

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы сотының 2012 жылғы 25 мамырдағы үкімін, Қарағанды облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 2012 жылғы 10 шілдедегі қаулысын, облыстық сотқа қарайтын кассациялық сот алқасының Сұлтанбековке қатысты 2012 жылғы 28 тамыздағы қаулысының  күшін жойды.  

Бұдан бөлек кәсіпкерге қарсы қозғалған қылмыстық іс құқық бұзушылықтың болмауына байланысты тоқтатылды. 

Айта кетейік, Қуат Сұлтанбеков Қылмыстық кодекстің 251-бабы 1-бөлігі "Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша айыпталып, қамауға алынған.

2012 жылдың 27 желтоқсанында Балқаштан Астанаға барар жолда Сұлтанбеков заңсыз қару ұстағаны үшін ұсталды. Тергеу 6 күнде аяқталып, кәсіпкер 3,5 жылға сотталды. Кейін бұл жаза 21 жылға айналған. Жазасын өтеу кезінде Сұлтанбековтің үстінен тағы 5 қылмыстық іс қозғалды. 2022 жылы, 10 жылдан кейін кәсіпкерге қатысты 3 қылмыстық іс қайта қаралып, ол ақталып шықты. 

Кәсіпкердің өзі және жақындары қылмыстық істің қозғалуына Нұрлан мен Ерлан Нығматулиндердің тікелей қатысы барын мәлімдеген еді. 

Талқылау