Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Жәнел Мақажан бірінші некесінің не себепті сәтсіз аяқталғанын айтты

Отандық актриса Жәнел Мақажан бірінші күйеуі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/janellemakajan

Өнер иесі бірінші некесінде үлгілі келін, жақсы әйел болу үшін барын салғанын айтады. Сондай-ақ бірінші күйеуімен айырылысуына өзі кінәлі екенін мойындады.

“Мен жақсы қарым-қатынас құру үшін, жиі үй жинап, тамақ әзірлеп, балаларға қарау керек деп ойлайтынмын. Бірақ олай емес екен. Бірінші рет күйеуге шыққанда ата-енемнің, күйеуімнің разылығын алу үшін бәріне жағынып, сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығамын, кеш жатып, ерте тұратынмын. Бірақ мұнымнан ештеңе шықпайтын, керісінше, артық қыламын деп тыртық қылдым. Өзің роботқа, үй күтушісіне айналасың. Онымен қоймай сені бағаламайды. Күйеуім үшін барымды салсам, ол керісінше менен алыстай берді. Маған көңіл аудармайтын, тіпті материалдық тұрғыдан дамуды ойламайтын, маған да көп нәрсеген тыйым салатын. Мен күйеуіммен кетіп қалдым. Сонда да өзімді жақсы қарым-қатынысқа лайық көрмейтінмін. Екі балама көбірек көңіл бөліп, екінші рет тұрмыс құру туралы ойламаппын. “Екі баламен ешкімге керек емессің” деген адамдардың сөздері жағдайды одан сайын ушықтырды”, – дейді Жәнел Мақажан.

Өнер иесі екінші рет тұрмысқа шығып, таңдаудан қателеспегенін айтады.

“Әбекені кездестірген соң ол менің көңілімді аулай бастады. Ер азамат мұндай болады деп мүлдем ойламаппын. Неке қиған соң себепсіз сыйлықтар береді, балаларым үшін ең жақсы әке бола алды, мені күн сайын қуантады”, – деп жазды актриса.

Бұған дейін актриса мәһрге не сұрағанын айтқан болатын.

Талқылау