"Өзіне айтылған ескертулерге шыдамаған": Рудныйда ер адам анасын ұрып өлтірген
63 жастағы ер адам Рудныйда анасын өлтірді деп күдіктелуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі alau.kz-ке сілтеме бере отырып.

"Рудный қаласында 22 қыркүйекте сағат 03.38 шамасында И.Франко көшесінде өз пәтерінен зорлық белгілері бар қарт әйелдің мәйіті табылды", – деді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Келіні енесін ұрып жыққан: Желіде Түркістан облысындағы әйелдердің төбелесі түсірілген видео таралды
Анықталғандай, 89 жастағы әйелдің денесінде жарақаттар бар.
"Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында полиция қызметкерлері 63 жастағы күдіктіні, жәбірленушінің ұлын анықтады. Ер адам өзіне айтылған ескертулерге байланысты әйелді ұрып-соққан", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, Рудный полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді