"Өзімшілмін, қырсықпын": Ақбота-Нұр Сейтмағамбет өзі туралы шындықты айтты
Ақбота-Нұр Сейтмағамбет өзі жайлы деректермен бөлісті. Ол қырсық әрі өзімшіл екенін ашық айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ерке, қырсық, қайсар (айтқанымнан қайтпаймын), шыншыл (әділ), арманшыл (қиялыма ерік беремін), бауырмал, арасында өзімшілмін. Кейбіреулер мейірімді деп жатады. Күштімін (ұлым үнемі солай айтады). Адалға адалмын", – деді Ақбота-Нұр.
Одан бөлек, сылқым ешкімге еліктегісі келмейтінін мәлімдеді.
"Жалпы мен біреудің көшірмесі болып, оларға еліктейтін адамдар қатарынан емеспін. Әр адам - жеке тұлға болғаны дұрыс деп есептеймін. Дегенмен жақсы адамның жақсы қасиетін бойға сіңірген де жөн", - деді ол.

Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"