"Өзіміз отырып шай ішейік": Дубайдағы концертінде қазақша қалжыңдаған Димаш елді күлдірді
Димаш Құдайберген Дубайдағы концертінде болған қызықты сәттің видеосын жариялады. Онда әнші қазақ тілінде әзілдеп, жиылған жұртты күлкіге қалдырған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қалайсыздар, құрметті ағайын? Өзіміз отырып шай ішейік деген сияқты, қазақша сөйлегенге кәдімгідей рахаттанып отырмын. Не қыл дейді? Қазақша қазір болады. Ел-жұрт аман ба? Амансыздар ма?" – деп халықтың жағдайын сұрады әнші.
Қазақ тілін түсінетін тыңдармандар әншінің әзіліне күлсе, қалғандары Димаштың сөзін аударып беруді өтінді.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген 25 наурыз күні Дубайдың Coca-Cola аренасында концерт берді.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады