"Өзен емес, канализацияға түсіп жатыр": Фариза Ескермес үнділердің Кумбха Мела фестиваліне қатысты
Танымал актриса Фариза Ескермес Үндістанда өтіп жатқан демалысын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/fariza_yeskermes/
Өнер иесі үнділердің атаулы мерекесіне қатысып, алған әсерін бөлісті.
Айта кетейік, Үндістанда алты апталық Кумбха Мела фестивалі басталып жатыр. Күнәларының кешірілуін қалаған он мыңдаған үндістандық қасиетті өзендердің қосылатын жерінде өте суық суға түсіп, шомылады. Билік мерекеге шамамен 2,5 миллионнан астам адам келеді деп жоспарлап отыр.
“Маха Кумбха Мела. Бұл видеодан әркім өзінің ішінде не бар екенін көреді.
Жан дүниеңнің тазалығын ойла! Менде бәрі жақсы, тіпті керемет! Жүрегімнің қалауын жасаймын. Үндістан сиқыр мен мистикаға толы. Үндістанға жалғыз келу дұрыс шешім болды. Сен бірақ олай жасама! Аллаабад, мені түсінде шақырды. Мен келдім. 144 жылда бір болатын Ұлы мерекемен қарсы алдыңыз. Барлығы үшін рақмет”, – деп жазды актриса.
-
"Көлікті тоқтатып, шешіне бастады": Фариза Ескермес зорлықтан қалай құтылғанын айтып берді
-
"Жалғыз қалудан қорықпаймын": Фариза Ескермес тұрмысқа шығуға қатысты сұраққа жауап берді
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесін қатаң сынға алды.
“Өзен емес, канализацияға түсіп жатыр”, “Киелі, қасиетті екенін айтып өтсеңіз”, “Осылай шетелге барып, елге түрлі жұқпалы ауруларды әкеледі”, “Үндістанға барып, сүннет жасамай-ақ қойдым”, “Сиырға табынбасаң болды”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, актриса "Бес ұлттың қаны бар" деп өзге ұлттың жігітіне тұрмысқа шыққан еді.