AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өздерін "банк қызметкеріміз" деп таныстырған алаяқтар қазақстандықтарды 50 млн теңгеге алдап кетті

Қарағанды ​​облысының полицейлері қазақстандықтарды 50 миллион теңгге алдап кеткен алаяқтардың екі тобын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алаяқтар өздерін әртүрлі қазақстандық банктердің қызметкері ретінде таныстырып, халықты алдап кеткен.  Бір аптаның ішінде полицейлер қылмыскерлерді бірден үш қалада ұстады.

"Қарағанды ​​қаласының полициясы мен қаржы ұйымдарының өздерін күзет және ішкі істер органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған тұлғалардың алаяқтық әрекеттерінің күшейгені туралы ескертулеріне қарамастан, біздің азаматтарымыз бейтаныс есепшоттарға қыруар қаржы аударуды жалғастыруда", - деп хабарлайды Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мәселен, 6 мамырда Старогородская полиция бөліміне Теміртау қаласының 38 жастағы тұрғыны хабарласып, 13 күн бойы оған Қазақстандағы банктердің бірінің қызметкері қоңырау шалғанын айтқан.  Ер адамның жинаған ақшасын сақтаймын деген желеумен алаяқ 11 миллион теңгеге жуық ақшаны иемденген. Жәбірленуші мобильді банкинг арқылы белгісіз есепшотқа ақша аударған.

"Арнайы операция барысында Алматы қаласының криминалдық полициясының қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Қарағандының 31 және 27 жастағы екі тұрғынын ұстады. Тінту кезінде ер адамдардан бірнеше банктің төлем карталары табылды", - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Сондай-ақ Қарағандыда ұсталғандардың тұрғылықты жерінен бірнеше төлем карточкалары табылды.

Бұған дейін Қарағанды ​​полицейлері бөтен банк карталарын да пайдаланып, несие ретінде берілген ақшаны алмақ болған азаматтарды ұстаған болатын.

"Тергеу барысында ұсталған азаматтан шамамен 9 миллион теңге мен түрлі банктердің жеті төлем картасы, ұялы телефондар, флеш және сим-карталар, сондай-ақ интернет-роутерлер тәркіленді. Келтірілген шығын шамамен 40 миллион теңгені құрайды", - деп қосты полицейлер.

Барлық фактілер бойынша ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен қылмыстық істер тіркеліп, соттың санкциясымен барлық күдіктілер қамауға алынды.  Құқық қорғау органдары олардың Қазақстандағы осыған ұқсас басқа да алаяқтыққа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Өздерін банк қызметкерлері ретін таныстырғандардың мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр