«Өздері-ақ жариялайды»: Қазақстанда ұрылар құрбандарын әлеуметтік желілерден іздейтін болған

Бүгінгінің ұрылары да заманға лайық түрлі айла тәсілдерді ойлап табуда. Мәселен, қарақшылар кезекті құрбанын көшеден емес, әлеуметтік желіден іздейтін болған. Яғни ол сіздің досыңыз, таңысыз болуы әбден мүмкін. Мұндай қылмыскерлер жұлдыздардың минут сайын салып жатқан суреттерін аңдып, ізіне түседі екен. Ол, тіпті, қарапайым адам болуы да мүмкін. 

«Өздері-ақ жариялайды»: Қазақстанда ұрылар құрбандарын әлеуметтік желілерден іздейтін болған

Бүгінде әлеуметтік желісіз өмірді елестету қиын. Instagram, Facebook және өзге де әлеуметтік желілер арқылы шоу бизнес өкілдері, қарапайым тұрғындар  жеке өмірін барынша жарнамалауды әдетке айналдыруда. Алайда дәл осындай ақпарат – ұры-қары үшін тегін әрі қолжетімді анықтамалық, дейді мамандар. Өйткені кімнің қайда, кіммен тұратының тауып алу бүгінде оп-оңай. Оны өздері-ақ жариялайды екен, деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

"Адамдар өз туралы ақпарат жариялайды. Мысалы, бүгін сыйақы алдық, жұбайыма алтын сырға алдық, одан 10 күнге шетелеге кетіп бара жатырмыз деген сияқты мәліметтерді жариялайды. Әрине, шетелге кетіп бара жатса, 1 апта, 10 күн үйде ешкім болмайтынын бәрі түсінеді. Ұрлыққа түсетін үйлердің бірі болып есептелінеді", - дейді кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы директоры Арман Абдрасилов.

Жас блогер Аяжанның өзі қаскүнемдердің қармағына түсіпті. Үйіне ұры түсепесе де, картасындағы қаржатынан қағылыпты. Бойжеткеннің сөзінше, қазір инста-алаяқтар көп. Сондықан мейілінше сақтанып жүруге тырысады.

"Өзімде бір жыл бұрын бастан кешкен оқиға болды. Алаяқтар банк картамнан ақшамды шешіп алды. АП-стор арқылы картам қосылып тұрған кезде, құпия сөді бұзып, шешіп алып, өзіне жүктеді. Онлайн банкке қоспай, сақтап жүремін. "Инстаграмда" бірнеше әдістері бар. Әрине ХХІ ғасырда алаяқтар өте көп және олардан сақтану керек", - дейді блогер.

Дәл осы Instagram, Facebook арқылы қарақшылар тонайтын адамын оңай табатыны жайлы тәртіп сақшыларына өздері айтыпты. Мәселен, ұрылар әлеуметтік желіге жүктелген суреттерді аңдып отырып, жұлдыздарды, болмаса қарапайым тұрғындарды әлеуметтік дәрежесіне қарай сараптап, іске кіріседі екен. Елорда биылдың өзінде 600-ге тарта көлік ұраланса, мыңға жуық пәтер тоналған.

"Сегіз ай ішінде мыңнан аса пәтер ұрлығына қатысты арыздар тіркелген. Оның 70 пайыздан жоғарысы квалификацияланбаған қылмыс болып есептелінеді. Олар есіктен кіріп, ұялы телефон, әмияндарды ұрлаған. Жыл басынан бері 391 күдікті ұсталды", - дейді қалалық криминалдық  полиция басқармасының бөлім басшысы Әсет Талатбеков.

Осылайша, үйін, көлігін, алтындарын, билеттерін, қымбат тондарын, киім-кешектерін суретке түсіріп, желіге жүктегендер ең бірінші қармаққа ілінеді. Қысқасы, абайламасаңыз, бүгінгі жаңа ұрылар тонаудың сан түрлі жолдарын меңгерген, дейді полиция өкілдері.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 300 адам ұйықтап қалған баланы жарты күн іздеді

Баланы іздеуге атсалысқандардың қатарында полиция қызметкерлері де бар

60 миллиард: Мемлекет "Қазагроға" тағы көмектеседі

2018 жылдың өзінде холдинг 400 миллиард теңге шығынға батқан екен

Жүргізуші әйел қарсыласының көлігінің күл-талқанын шығарып, қоқан-лоқы көрсетті

Ашуға бой берген әйел бұзақылығы үшін екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Павлодарда автоцистерна жарылып, бір адам қаза тапты

Жарылыстың мән-жайы анықталып жатыр

Конор МакГрегор қазақстандық боксшылар мен балуандарды жоғары бағалады

Макгрегор: Қазақстанда бокс керемет және бай тарихы бар

Елімізде имамдар да атаулы әлеуметтік көмек ала алады

Қазақстанда дін өкілдерінің еңбекақысын көбейту мәселесі қолға алынуда

282 факт: Қазақстанда жасырын болған сәби өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

282 бала тірі туғанымен, өлі деп тіркелген

9 айда 156 нәресте: Атырау облысында жаңа туған сәбилердің неден шетінегені белгілі болды

Инфекциялық бақылау талаптары сақталмаған

Бірі жасөспірім: Жүк көлігінің ішінен 39 адамның денесі табылды

Жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Алматылық сот төрешісін ақтап, кейін қайта соттады

Судья алаяқтық пен парақорлық үшін айыпталды
Çàãðóçêà...